Post Express ғаламтор-дүкендер және қашықтықтан сатумен айналысатын компаниялар тауарын сатып алушыларға жеткізудің кешенді шешімін ұсынады.
Логистикадағы үлкен жұмыс тәжірибесі, қызмет көрсетудегі бірізді кесте және сенімді ресурстар бізге Қазақстанның кез-келген жеріне, сондай-ақ ТМД елдері мен алыс шетелге немесе шетелден Қазақстанға тауарларды тез және сапалы жеткізуге мүмкіндік береді.
Біздің артықшылықтарымыз:
- әрбір Ғаламтор-дүкеніне Post Express компаниясының жеке менеджерін ұсыну және бекіту.
- тауарды жөнелтушіге сақтау бөлімінде 5 күн сақталғаннан кейін автоматты қайтару.
- Жеке кабинеті көмегімен жөнелтілімдеріді автоматты ресімдеу және бақылау.
- бөлімшеге, немесе мекен-жайы бойынша тауарларды жеткізу қызметтерін пайдалану — арнайы тарифтер бойынша, аптасына 6 күн.
- тауарға тапсыру сәтінде төлеу.
- клиенттеріміздіңтауарларын сақтауға арналған қойма үй-жайлары. Бұл шұғыл тапсырыстар үшін сәлемдемелерді жедел толымдауға мүмкіндік береді.
Біздің мүмкіндіктер:
- тапсырыстарды тікелей ғаламтор-дүкенінің қоймасынан жеткізу
- ғаламтор-дүкендерден тауарларды күнделікті шоғырландырылған қабылдау және оларды Post Express қоймаларында орналастыру.
- жеткізу бағыттары бойынша тапсырыстарды сұрыптау, таңбалау және бөлу.
- Қазақстан аумағы бойынша аймақтық желіні кең қамту, бұл жеткізуді қысқа мерзімде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
- тапсырыстарды ғаламтор-дүкенінің сатып алушыларының мекен-жайларына дейін немесе Post Express таңдалған бөлімшелеріне дейін жеткізу.
- тауар үшін төлемді курьер немесе бөлімше операторы қабылдайды және алушыға чек және жүкқұжат көшірмесін береді
- ақша қаражатын ғаламтор-дүкендердің шоттарына 10 банктік күнге дейін аудару.
- буып-түю материалдарын ұсыну, бұл жөнелтімдердін сақталуына кепілдік береді.
- жеткізудің тиімді бағыттары.
- жөнелтімдерді сақтандыру.
- жөнелтімдерін қадағалау.
- ақшалай қаражатты аудару, жөнелтілімдерді жеткізу бойынша нақтыланған есеп беруді құрастыру.
- жобаның жеке менеджері және кураторы.
- жеткізу қызметі қызметкерлерінің жоғары білікті штаты.
- жөнелтімдердін құпиялылығы.
Сіздің сатып алушылар жеткізумен риза қалады:
- Post Express пошталық бөлімшесінің Қазақстан бойынша кеңінен ұсынылған
- орналасуы және жұмыс кестесі тиімді
- сатып алушы тапсырысты жақын орналасқан бөлімшенің бірінен немесе курьерлік жеткізу пайдаланып алуы мүмкін
- _ бөлімшелер операторлары мен курьерлер сатып алушылар тапсырысты сәйкестігі және сапасына тексеріп болғанша күтеді. Пошта бөлімшелерінде тауарды өлшеп көру және тексеру үшін арнайы жабдықталған орындар орналасқан.
- сатып алушыға тауарды жеткізу алдында алдын-ала қоңырау соғу.
- сапалы қызмет көрсету және клиенттік сервис, клиенттің автокөлігіне тауарды жүктеуге көмек.
- ақша қаражатымен байланысты барлық операциялар ҚР заңдарына сәйкес және сатып алушыларға тауарға құжаттарды ұсына отырып жүзеге асырылады.
Егер сіз сатып алушыларға ғаламтор-дүкеннен тауарларды жеткізу бойынша сапалы қызмет көрсетуді ұсынуға дайын болсаныз, біз ынтымақтастықтың жекелеме шарттарын, арнайы тарифтер, жеткізудің оңтайлы мерзімдерін және өзара есеп айырысудың ыңғайлы нысандарын ұсынамыз.
Ынтымақтастықты бастау үшін сізге қажет:
- клиенттік қолдау қызметіне қоңырау шалу;
- қажетті ақпаратты ұсыну;
- Post Express өкілімен шартқа отыру;
- құжаттарды тіркегеннен кейін, тауарды сатып алушыларға жіберу.