• Жабындының кең аймағы. Шектеулерсіз, барлық әлем бойынша экспресс-жеткізу.
  • Толық логистикалық сервис. Оның ішіне алыс және жақын шетел елдеріне құжаттарды, сәлемдемелерді және жүктерді экспресс жеткізу; Қазақстан ішінде, сонымен қатар оның шекарасынан тыс жақтарға ауыр салмақты және ірі габаритті заттарды тасымалдау кіреді.
  • Ғаламторлық сауданы кешенді қолдау. Бізде ғаламторлық сауда және қашықтықтан сауда жүргізу компанияларының сатушылар мен сатып алушылары үшін арнайы ұсынысымыз бар.
  • Баға саясаты. Жеңілдіктер жүйесі мен тарифтердің айқындылығы, бізбен бірге сіздің бизнесіңіздің дамуы үшін қосымша жағдайлар жасалады
  • Жөнелтілудің ыңғайлы технологиялары. Өзіңіздің орналасқан орныңызға байланысты сіз өзіңізге неғұрлым ыңғайлы жөнелтілу тәсілін таңдай аласыз: бөлімшеден курьерді үйге (немесе офиске) шақыра аласыз, бөлімшеге дейін жеткізу немесе мекенжайға жеткізуді ұйымдастыра аласыз (қолдан қолға).
  • Әрбір клиентке жеке ыңғай табу. Біз сіздің барлық қалауларыңызды ескере отырып, тиімді тариф пен жеткізудің ыңғайлы әдісін таңдауға көмектесеміз.
  • Хабардар болу. Біз экспресс-жүкқұжат нөмірі бойынша өз жөнелтілімімізді бақылай аламыз.
  • Қазақстан бойынша жөнелтілім кезінде жөнелткен адам да, қабылдаған адам да тапсырысты төлей алу мүмкіндігі. Клиенттің іскер әріптестерімен сенімді ынтымақтастықтың ыңғайлы формасы, бұл ғаламтор-дүкендері сатып алушыларына тауарды жеткізу кезінде аса маңызды болып келеді.
  • Арнайы қаптама. Біздің компания құжаттар мен сәлемдемелерді қаптау үшін фирмалық конверттер мен қорапшалар, сонымен қатар, ірі габаритті жүктер үшін арнайы қорап ұсынады.
  • Курьерді ыңғайлы шақыру. Курьерді Сізге тиімды  кез-келген жолмен шақыруға болады: курьерді шақыру формасы арқылы сайтта тапсырыс беру, бірегей анықтамалық қызмет телефоны бойынша қоңырау шалу.
  • Қосымша қызметтер. Сәлемдемелер мен құжаттарды сақтау, қабатқа көтерілу немесе түсу кезінде курьердің көмегі, жөнелтілу қаптамасы, жөнелтілімдерді арту немесе түсіру кезінде жүкшілердің көмегі және т.б.