kureerКурьерлік жеткізу –  мекенжайға жеткізу, «қолдан қолға» жеткізу.

Сізге үйіңізден немесе кеңседен шығудың қажеті жоқ. Бұл тәсілдің ыңғайлылығы да осында. Курьер көрсетілген мекенжайға келіп, сол жерде сіздің жөнелтіміңізді қаптайды. Post Express курьерлері үнемі уақытында келеді және сіздің жұмыс уақытыңызды алып, күттірмейді.

Курьерді шақыру үшін курьерді шақыру формасын қолданыңыз немесе келесі нөмір бойынша байланыс орталығына тегін қоңырау шалыңыз  8 800 080 1333


Жөнелтімдерді мекенжайда қабылдау шарттары:

  • Компания курьері қапталған жөнелтімдерді қабылдайды немесе қаптауға көмектеседі
  • Жіберуші жөнелтімді ресімдеу үшін қажетті ақпаратты (жіберуші мен алушының деректері) береді
  • Жіберуші қызметтер құнын қолма-қол төлеген кезде қазыналық чек алады
  • Егер жөнелтім салмағы 30 кг асатын болса Жіберуші өзі тиейді
  • Жіберуші Алушыға ЭЖ нөмірін, жеткізу мерзімін хабарлайды
  • Жіберуші Post Express курьеріне тиісінше қапталған, таңбаланған жөнелтімді жұмыс уақытында 9:00 бастап 18:00 дейін береді немесе жұмыс күндерінде сәйкес уақыт аралығында 9:00 бастап 21:00 дейін және демалыс пен мереке күндері арнайы кесте бойынша береді.
  • Аралықтар тізімі: 9:00-12:00, 12:00-15:00, 15:00-18:00, 18:00-21:00.
  • Жіберуші мекенжайы бойынша көрсетілген уақыт аралықтарында жөнелтімнің қабылдануын күтеді.
  • Клиенттен жөнелтім алған кезде курьердің мекенжайда болатын уақыты 15 (он бес) минуттан аспайды.

Жөнелтімді алушының мекенжайына жеткізу шарттары:

  • Алушының немесе оның өкілінің жеткізу мекенжайында жұмыс уақытында 9:00 бастап 18:00 дейін (немесе жұмыс күндері «Сағаттық аралықта жеткізу» қызметіне сәйкес жеткізуге тапсырыс берілген 9:00 бастап 21:00 дейінгі сәйкес уақыт аралығында) және демалыс пен мереке күндері арнайы кесте бойынша жөнелтімді алуға дайын болуы.
  • Сағаттық аралықта жеткізуге тапсырыс берілген жағдайда Алушы сағаттық аралық басталған сәттен бастап жөнелтім жеткізілгенге дейін аталған мекенжайда болуы тиіс.
  • Алушының нақты мекенжайы мен ұялы (стационарлық) телефон нөмірі (Жіберуші ЭЖ көрсеткен) көрсетілген.
  • Post Express курьері жіберушінің мекенжайына бара алады (жеткізу мекенжайы режимдік емес объект).
  • Алушы 30 кг ауыр жөнелтімдерді өзі түсіреді.
  • Жөнелтімдерді ЭЖ-да Алушы ретінде көрсетілген тұлға қабылдай алмайтындай жағдайда курьер ЭЖ-да көрсетілген мекенжай бойынша жөнелтімді қабылдай алатын тұлғаға (мысал үшін туысқандары немесе консьерж) беруге құқылы.

Жөнелтімді қоғамдық орындарда берген кезде немесе құны 160 000 (жүз алпыс мың) теңгеден асатын жөнелтімдерді берген кезде:

  • Жеке тұлға Post Express курьеріне экспресс-жүкқұжатта көрсетілген, алушының тұлғасын куәландыратын құжаттардың бірін ұсынады: ҚР азаматтары үшін жеке куәлік, төлқұжат, жүргізуші куәлігі, зейнеткер куәлігі немесе әскери билет.
  • Заңды тұлға Post Express курьеріне осы жөнелтімді алуға өкілетті екені көрсетілген сенімхат пен тұлғасын куәландыратын құжатты көрсетеді.
  • Post Express курьеріне көрсеткен қызметтер ақысын төлейді.
  • Post Express курьерінің алушының мекенжайында аялдау уақыты 15 (он бес) минуттан аспауы тиіс.
  • Post Express курьері өз еркінен тыс себептерге байланысты жөнелтімді бір дегенде жеткізе алмаған жағдайда одан кейінгі екі рет жеткізу әрекеті үшін қосымша ақы алынбайды.
  • Үшінші рет жеткізуге талпыныс жасағаннан кейін Post Express курьері телефон арқылы Жіберушіге Алушының жоқ екенін хабарлайды. Жіберуші жөнелтімді жою, қайтару немесе басқа мекенжайға ақылы жеткізу жөнінде шешім қабылдауы тиіс.
  • Жөнелтім қайтарылған жағдайда Жіберуші қосымша ақы төлейді.