otdeleniePost Express пошталық бөлімшелерінің желісі Қазақстан бойынша қызмет көрсетеді.  Қолайлы жерде орналасуы, жұмыс кестесі, жөнелтімдерді тегін сақтау – осы жөнелту тәсілінің негізгі артықшылықтары. 

Бөлімшелердің заманауи эргономикалық дизайны біздің клиенттеріміз үшін жағымды атмосфера қалыптастырады, ал қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігі сіздердің кез-келген логистикалық тапсырмаларыңызды шешуге мүмкіндік береді.

 


Бөлімшелерде жөнелтімдерді қабылдау шарттары:

  • Жіберуші жұмыс уақытында бөлімшеге келеді.
  • Бір жөнелтім орнының салмағы бөлімшенің қабылданатын салмақ бойынша шегінен аспайды.
  • Жіберуші жөнелтімде тыйым салынған заттардың жоқтығын растайды.
  • Жіберуші бөлімше қызметкеріне қапталып салынған жөнелтімді ұсынады (немесе бөлімшеде қосымша қызметті пайдаланады «Қаптау»)
  • Жіберуші бөлімше қызметкеріне ресімдеу үшін келесі мәліметтерді береді:
  1. Жіберуші компанияның атауы (заңды тұлғалар үшін)
  2. Жіберушінің Т.А.Ә.
  3. Жіберушінің телефоны
  4. Алушы компанияның атауы (заңды тұлғалар үшін)
  5. Алушының Т.А.Ә.
  6. Алушының телефоны
  7. Алушының қаласы
  8. Алушының мекенжайы немесе алушы жөнелтімді алатын бөлімшенің нөмірі.
  9. Жөнелтім сипаттамасы
  • Жіберуші бөлімше қызметкеріне төлеушінің қызметтерін (жіберуші немесе алушы) хабарлайды және төлем формасын таңдайды (қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есептесу).
  • Жіберуші қызметтер құнын төлейді (егер төлеуші – жіберуші болса), қолма-қол есептеседі.
  • Ресімдегеннен кейін Жіберуші алушыға ЭЖ (экспресс-жүкқұжат) нөмірін, жеткізу мерзімін айтады.

Бөлімшелерде жөнелтімдерді беру шарттары:

  • Жөнелтімдерді бөлімшенің жұмыс кестесіне және беру кестесіне сәйкес береді
  • Алушы бөлімше қызметкеріне ЭЖ (экспресс-жүкқұжат) нөмірін айтады. Алушыға ЭЖ нөмірін жөнелтім жеткізілгеннен кейін жіберуші айтуы керек .
  • Алушы – Т.А.Ә. ЭЖ (экспресс-жүкқұжатта) көрсетілген жеке тұлға жөнелтімді өзі алады және бөлімше қызметкеріне тұлғасын куәландыратын құжаттардың бірін ұсынады: жеке куәлік немесе төлқұжат. ЭЖ көрсетілмеген тұлғаларға жөнелтім берілмейді. Құжат көрсетпесе немесе сәйкес келмейтін құжаттар көрсетсе жөнелтім берілмейді.
  • Алушы – заңды тұлғаның өкілі бөлімше қызметкеріне келесі құжаттарды ұсынады:
  1. Алушы компанияның атынан жөнелтімдерді алу үшін аталған өкілге ресімделген сенімхат.
  2. Аталған өкілдің тұлғасын растайтын құжаттар: жеке куәлік немесе төлқұжат.
  3. Сенімхат пен құжаттарды көрсетпесе немесе сәйкес келмейтін сенімхат/құжаттар ұсынса жөнелтім берілмейді.
  • Алушы – жеткізу қызметтерінің төлеушісі болса және төлем формасы – қолма-қол есептесу болса бөлімшеде көрсетілген қызметтер құнын төлейді.
  • Алушы арнайы жабдықталған жерде жөнелтімді және оның құрамын қарай алады.