Post Express пошталық бөлімшелерінің желісі Қазақстан бойынша қызмет көрсетеді. Қолайлы жерде орналасуы, жұмыс кестесі, жөнелтімдерді тегін сақтау – осы жөнелту тәсілінің негізгі артықшылықтары.
Бөлімшелердің заманауи эргономикалық дизайны біздің клиенттеріміз үшін жағымды атмосфера қалыптастырады, ал қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігі сіздердің кез-келген логистикалық тапсырмаларыңызды шешуге мүмкіндік береді.
Бөлімшелерде жөнелтімдерді қабылдау шарттары:
- Жіберуші жұмыс уақытында бөлімшеге келеді.
- Бір жөнелтім орнының салмағы бөлімшенің қабылданатын салмақ бойынша шегінен аспайды.
- Жіберуші жөнелтімде тыйым салынған заттардың жоқтығын растайды.
- Жіберуші бөлімше қызметкеріне қапталып салынған жөнелтімді ұсынады (немесе бөлімшеде қосымша қызметті пайдаланады «Қаптау»)
- Жіберуші бөлімше қызметкеріне ресімдеу үшін келесі мәліметтерді береді:
- Жіберуші компанияның атауы (заңды тұлғалар үшін)
- Жіберушінің Т.А.Ә.
- Жіберушінің телефоны
- Алушы компанияның атауы (заңды тұлғалар үшін)
- Алушының Т.А.Ә.
- Алушының телефоны
- Алушының қаласы
- Алушының мекенжайы немесе алушы жөнелтімді алатын бөлімшенің нөмірі.
- Жөнелтім сипаттамасы
- Жіберуші бөлімше қызметкеріне төлеушінің қызметтерін (жіберуші немесе алушы) хабарлайды және төлем формасын таңдайды (қолма-қол немесе қолма-қол ақшасыз есептесу).
- Жіберуші қызметтер құнын төлейді (егер төлеуші – жіберуші болса), қолма-қол есептеседі.
- Ресімдегеннен кейін Жіберуші алушыға ЭЖ (экспресс-жүкқұжат) нөмірін, жеткізу мерзімін айтады.
Бөлімшелерде жөнелтімдерді беру шарттары:
- Жөнелтімдерді бөлімшенің жұмыс кестесіне және беру кестесіне сәйкес береді
- Алушы бөлімше қызметкеріне ЭЖ (экспресс-жүкқұжат) нөмірін айтады. Алушыға ЭЖ нөмірін жөнелтім жеткізілгеннен кейін жіберуші айтуы керек .
- Алушы – Т.А.Ә. ЭЖ (экспресс-жүкқұжатта) көрсетілген жеке тұлға жөнелтімді өзі алады және бөлімше қызметкеріне тұлғасын куәландыратын құжаттардың бірін ұсынады: жеке куәлік немесе төлқұжат. ЭЖ көрсетілмеген тұлғаларға жөнелтім берілмейді. Құжат көрсетпесе немесе сәйкес келмейтін құжаттар көрсетсе жөнелтім берілмейді.
- Алушы – заңды тұлғаның өкілі бөлімше қызметкеріне келесі құжаттарды ұсынады:
- Алушы компанияның атынан жөнелтімдерді алу үшін аталған өкілге ресімделген сенімхат.
- Аталған өкілдің тұлғасын растайтын құжаттар: жеке куәлік немесе төлқұжат.
- Сенімхат пен құжаттарды көрсетпесе немесе сәйкес келмейтін сенімхат/құжаттар ұсынса жөнелтім берілмейді.
- Алушы – жеткізу қызметтерінің төлеушісі болса және төлем формасы – қолма-қол есептесу болса бөлімшеде көрсетілген қызметтер құнын төлейді.
- Алушы арнайы жабдықталған жерде жөнелтімді және оның құрамын қарай алады.