«Жеке кабинет» деген не?

Жеке кабинет — корпоративтік клиенттер мен ғаламтор-дүкендерге қолжетімді қызмет. Бұл қызмет жөнелтімдерді қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.

Жеке кабинеттің мүмкіндіктері:

  • Экспресс-жүкқұжат (ЭЖ) ресімдеу және жөнелтімдерді қабылдау-беру реестрін құру.
  • ЭЖ, таңбаламалар мен жөнелтім реестрлерін басып шығару.
  • Жөнелтімдердің статусын қарау.
  • ЭЖ нөмірі бойынша табу.
  • Жеке кабинетпен жұмыс істеу үшін логин мен құпия сөз қажет.

Жеке кабинет үшін логин мен құпия сөз алу тәртібі:

  • Post Express келісімшарт жасау.
  • Жеке менеджерден жеке кабинетке кіруге рұқсат сұрау.
  • Менеджер сізге кіру үшін логин мен құпия сөзді ұсынады.

Жөнелтімді қалай алуға болады?

Жөнетлім жеткізілген Post Express бөлімшесіне бару қажет. Егер бұл сізге қолайсыз болса, «Мекенжайды өзгерту» қызметіне тапсырыс беріп, жөнелтілген затты өзіңізге жақын бөлімшеден ала аласыз немесе мекенжайыңызға жеткізуге тапсырыс бере аласыз. Жөнелтімді алу үшін жеке куәлігіңіз болуы керек және экспресс-жүкқұжат нөмірін білуіңіз қажет.

Сілтеме бойынша жақын жерде орналасқан Post Express бөлімшесін таңдап, жұмыс кестесімен таныса аласыз.

Курьерді шақыру үшін «Курьер шақыру» формасын қолданыңыз немесе келесі телефондар бойынша байланыс орталығына хабарласыңыз:
+7 727 331 1333, +7 777 080 1333, +7 701 080 1333, 8 800 080 1333

Жөнелтім салмағы қалай анықталады?

Жөнелтім түрін анықтау ережесі сілтеме бойынша

Егер жөнелтілетін заттың геометриялық формасы дұрыс болмаса (шығыңқы бөліктері болса) көлемдік салмағын есептеу габариттері жүктің шеткі габариттік нүктелері бойынша өлшенеді.

Көлемдік салмақ, кг = (Ұзындығы(см)×Ені(см)×Биіктігі(см)) / 5000, немесе жүк көлемі, м³×200.

Экспресс-жүкқұжат деген не?

Экспресс-жүкқұжат (ЭЖ) — әлдене жөнелткен кезде ресімделеді. Жөнелтуге қатысты ақпаратты қамтиды: жіберуші мен алушының деректері – Т.А.Ә., мекенжайы, байланыс телефоны, жөнелтім құны мен құрамы.