«Жеке кабинет» деген не?
Жеке кабинет — корпоративтік клиенттер мен ғаламтор-дүкендерге қолжетімді қызмет. Бұл қызмет жөнелтімдерді қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Жеке кабинеттің мүмкіндіктері:
- Экспресс-жүкқұжат (ЭЖ) ресімдеу және жөнелтімдерді қабылдау-беру реестрін құру.
- ЭЖ, таңбаламалар мен жөнелтім реестрлерін басып шығару.
- Жөнелтімдердің статусын қарау.
- ЭЖ нөмірі бойынша табу.
- Жеке кабинетпен жұмыс істеу үшін логин мен құпия сөз қажет.
Жеке кабинет үшін логин мен құпия сөз алу тәртібі:
- Post Express келісімшарт жасау.
- Жеке менеджерден жеке кабинетке кіруге рұқсат сұрау.
- Менеджер сізге кіру үшін логин мен құпия сөзді ұсынады.