gruzy

Post Express компаниясы халықаралық жүк тасымалы саласында қызметтер көрсетеді. Біз Қазақстан бойынша, ТМД елдері мен шет елдерге салмағы ауыр, габариттік өлшемдері үлкен, экспорттық-импорттық, ішкі және транзиттік жүктерді жіберуге көмектесеміз.

Біз жөнелтімдердің белгіленген жеріне уақытында жетуіне жауап береміз. Post Express қызметкерлерінің теміржол және мультимодальды тасымалды ұйымдастыруда жұмыс тәжірибесі бар. Бұл сізге жоғары деңгейге қызмет көрсетілетінін кепілдендіреді.  

Халықаралық тасымалды ұйымдастырған кезде біз жүктің габариттік өлшемдеріне, жеткізу мерзімі мен маршрутына байланысты бірнеше көлік түрін пайдаланамыз. Біз сіз үшін уақытыңыз бен қаражатыңызды үнемдеуге мүмкіндік беретін қолайлы тасымалдау тәсілін таңдаймыз.


Автокөлікпен тасымалдау

Жеткізіледі: толық жиынтықты стандартты жүктер, температуралық режим (-18 +18) жүктері, шоғырландырылған жүктерді жеткізу, кез-келген қауіптілік класындағы қауіпті ADR жүктері, кез-келген бағытта автотасығыш арқылы жеңіл автокөліктерді тасымалдау.

Тасымалдау кезінде біз келесі автокөлік түрлерін пайдаланамыз: жүк машиналары (стандартты жаппалар (82-93м3), Jumba және Mega (100-105м3), автопойыз (120м3), рефрижераторлар, автокөлік, ADR-жиынтықтарымен жабдықталған, арнайы жылжымалы құрам, жартылай тіркеме – контейнер тасушы, аз жүкке бейімделген автокөліктер.


Теміржол тасымалы

Теміржол тасымалы негізінен көлемі үлкен (100 тоннадан астам) ақтарылма, үйілме, құйылмалы жүктерді алыс қашықтықтарға (200 километрден астам) жеткізу үшін қолданылады.
Мұндай көлік өндіруші, мұнай-химия, машина жасау және металлургиялық өнеркәсіпте, сондай-ақ  ауыл шаруашылығында жүк тасымалдау үшін пайдаланылады.
Мұндай көлікпен сипаттамалары мен өлшемдері әр түрлі жүктер, ерекше тасымалдау шарттарын талап ететін жүктер тасымалданады.

Габаритті емес көлік

Post Express мамандары жүкті жеткізудің кешенді маршрутын әзірлейді, тасымалдау жоспарын жасайды, неғұрлым қолайлы көлік құралын таңдайды.

Post Express  келесілерді жеткізуде тәжірибесі мен тексерілген шешімдері бар:

  • ауыл шаруашылық техникасы (комбайндар, тракторлар және т.б.)
  • әуежайларға арналған арнайы техника
  • тұтас өндірістік желілер және өндірістік қондырғының жекелеген компоненттері
  • тағам өнеркәсібіне арналған сұйыққоймалар
  • қазандық қондырғылары
  • мұнай өңдеу өнеркәсібіне арналған ыдыстар, цистерналар
  • жел-генераторлық қондырғылардың компоненттері
  • жол-құрылыс техникасы (экскаватор, өзі аударатын жүк көлігі, ор қазғыш, тиегіш, бұрғылау құрылғылары, грейдерлер және т.б.)
  • жүк автокөліктері
  • электр-техникалық құрал-жабдық (трансформатор, қосалқы станциялар, қабық)

Жүктерді шоғырландыру

Post Express жекелеген жіберушілердің габариттік өлшемі шағын жүктерін бірге жинап, сақтап, кейін жіберу үшін топтап біріктіру қызметтерін ұсынады. Бұл тасымалдау сызбасында жүк алдымен сақтайтын орынға әкелініп, топтама жасақталғанша сонда тұрады.  Шоғырландырылған жүктердің барлық топтамасын жинағаннан кейін белгіленген жеріне жөнелтіледі. Жүктерді шоғырландыру келесі жұмыстарды қамтиды: жүкті қаптау, жүкті таңбалау, басқа тасымалдау тәсіліне көшкен кезде жүкті қайта қаптау.


Қоймалық қызметтер

Қоймалық қызметтер (оның ішінде жауапты сақтау)

Тауар жеткізудің логистикалық тізбегін ұйымдастырған кезде Post Express қоймалық қызметтердің толық спектрін ұсынады:

  • шоғырландыру;
  • жауапты сақтау;
  • қоймада өңдеу (қайта қаптау, паллеттеу);
  • түрлі тауарларды дистрибуциялау;
  • тиеу-түсіру жұмыстары;
  • ілеспе құжаттарды ресімдеу: экспорттық декларациялар (EX1), транзиттік кепілдікті (Т-1, Т-2), ХЖТ кітабын (CARNET TIR) және CMR-жүкқұжаттарын және т.б. ресімдеу.
  • cюрвейерлік қызмет көрсету (сұрау бойынша),
  • жауапты сақтауға орналастырар кезде жүктің бүтіндігін міндетті түрде тексеру,
  • ілеспе құжаттардағы деректердің сәйкестігін тексеру, экспорттық декларацияларды ресімдеу (ЕХ), Т1,
  • клиенттің декларантымен тасымалдау құжаттарының дұрыс толтырылғандығын келісу – CMR, TIR, ХТЖК,
  • фототүсірілім,
  • жүктің жылжуы жөніндегі ақпаратты күнсайын ұсыну.
  • Сақтандыру агентін, апаттық комиссарды, ТПП өкілін шақыру – біздің жауапкершілігімізде. Шығын келген жағдайда 50 000 000 теңгелік МӨК сақтандыру полисі сақтандыру өтемін жылдам алуға мүмкіндік береді.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда келесі телефондар бойынша бізге хабарласыңыз:

телефон: +7 727 346 60 34
e-mail: [email protected]